Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​тұрғыны демалыс саябағынан ауыз су құбырын ұрлап кетті

Қарағанды ​​тұрғыны демалыс саябағынан ауыз су құбырын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйекте Қарағанды ​​қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне сумен жабдықтау кәсіпорындарының бірінен хабарлама келіп түсті. Қала тұрғындарының демалыс саябағында белгісіз біреу ауыз су беретін құбырды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 256 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол құбырды металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсыруды жоспарлағанын мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру