Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудный қаласының тұрғыны қонақүйде есірткі сақтаған

Рудный қаласының тұрғыны қонақүйде есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Семей қ. ПБ ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері кезекті операция өткізді. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдік бойынша Қостанай облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту жүргізу барысында қонақ үй нөмірінен сөмкеде үш рулон изолента, матрацтардың астынан қара түсті барсетка табылды және алынды. Оның ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полимерлі пакет және электронды таразы табылып тәркіленді.

– Маманның қорытындысына сәйкес психотроптық зат 2-(пирролидин-1-ил) -1-фенилпентан-1-он (а-пирролидиналерофенон, Альфа-PVP) психотроптық зат болып табылады, жалпы салмағы – 155,205 грамм,-деді і Семей қ.ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру