Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда екі ай бұрын болған ұрлықтың беті ашылды

Жезқазғанда екі ай бұрын болған ұрлықтың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының ПБ-на жүгінді. Жеке үйде тұратын әйел таңертеңгілік ауладағы түсініксіз дыбыстан оянып кеткен. Далаға шыққан ол 25-30 жас аралығындағы белгісіз адамның гараждан жүгіріп шығып, қашып кеткенін көрген. Мән-жайды анықтау кезінде ұрының перфоратор мен бейнекамераны ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап,айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру