Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды

Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс өңірлерінің бірінде жалға алынған гаражда арақ пен коньяк өндірумен және құюмен айналысатын 57 жастағы кәсіпкердің заңсыз қызметін анықтады.

Гаражды тексеру барысында 1200 литр спирті бар 200 литрлік пластикалық бөшке, 90 литр спирті мен 525 литр арағы бар бес литрлік пластикалық контейнер, коньяк жасауға арналған бояуы бар 0,5 литрлік бір шыны бөтелке, коньяк иісіне ұқсас иісі бар 0,5 литр қара сұйықтық бар бір шыны бөтелке табылды және тәркіленді.

Сондай-ақ, өндіру және құю үшін қажетті заттар алынды: спиртті соруға арналған сорғы, 12 Вольтқа арналған электр ыдысы, спирт қалдықтары бар 200 литрлік бөшкелердің бос ыдыстары, бос канистрлер мен бөтелкелер.

Әйелге қатысты ҚР ҚК 214-бабы (Заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Қазіргі уақытта полицейлер алкоголь өнімдерін өткізу арнасын орнату бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру