Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда оқушыларға есірткінің зияны туралы айтылды

Екібастұзда оқушыларға есірткінің зияны туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы №28 мектебінің «Мирас» балалар клубында Екібастұз қаласы ювеналдық полиция инспекторы Динара Қалықованың қатысуымен «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында жасөспірімдер арасында есірткі заттарын қолдану мен таратудың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға есірткінің салдары толық айтылды. Есірткі қылмысы туралы да ақпарат алды. Сондай-ақ кездесу барысында полиция қызметкерлері буллинг не екенін, оның қандай салдары бар екенін атап өтті. Сонымен қатар осындай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды.

– Жасөспірімдер тезірек ересек болуды қалайды, әсіресе қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне ерекше бейім келеді. Ата-аналар балаларымен үнемі жақын сөйлесу керек, сырласқан жөн. Олардың қайда баратынын, балаларға қолма-қол ақша берген кезде оны қай мақсатқа жұмсайтынын, тәуліктің кешкі және түнгі уақытында көшеде жүрмеуін қадағалау қажет, – деп атап өтті Динара Қалықова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру