Екібастұзда полицейлер мектеп оқушыларына құқықтық сабақтар өткізді
Екібастұзда полицейлер мектеп оқушыларына құқықтық сабақтар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сабақ барысында буллинг, лудомания, нашақорлық, алаяқтық және бопсалау сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Полицейлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға құқықтары мен міндеттері, көшедегі қауіпсіздік, төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері туралы түсіндірді.
Сондай-ақ интернеттің ақпарат көзі ғана емес, манипуляция құралы болатынына назар аударылды. Құқықтық жауапкершілік негіздерін білу заң бұзушылықтардың алдын алуға көмектесетіні айтылды. Жасөспірімдерге алаяқтардың тез ақша табу және жазасыз қалу уәделері арқылы қылмысқа қалай тартатыны түсіндірілді.
Осындай іс-шаралар жастардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Кездесу соңында оқушылар полицейлерге сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
Полиция, мектеп және ата-аналардың бірлескен жұмысы өңірде жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді.