Екібастұзда синтетикалық есірткінің 23 түйінін үйінде сақтаған тұрғын ұсталды
Екібастұзда синтетикалық есірткінің 23 түйінін үйінде сақтаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Екібастұз қаласының 28 жастағы тұрғынынан полицейлер ұнтақ тәрізді заты бар 23 түйір тауып, тәркіледі.
– Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат синтетикалық есірткі болып табылады, оның жалпы салмағы алты грамнан асады, бұл аса ірі мөлшерге жатады, — деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.
Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.