Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік жарты миллион теңгесін алаяққа беріп, алданды

Шымкенттік жарты миллион теңгесін алаяққа беріп, алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп 500 мың теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей, ақшасын қайтармай, алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Түркістан облысының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру