Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін азайтуға бағытталған профилактикалық шаралар өткізілді

Екібастұз қаласы ПБ-ның әкімшілік тәртіппен қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдауында отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы "Отбасылық зорлық-зомбылық" және 109-1-бабы "Қудалау" бойынша отбасы мүшелері мен жақын адамдарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік нормаларын түсіндірді.

Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тобының бастығы Бахытгүл Сейткалиеваның сөзінше, іс-шарада тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын құқықтық салдарлар мен жауапкершілік шаралары, уақытылы көмек алу үшін құзыретті органдар мен қолдау қызметтеріне жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Жыл басынан бері Екібастұз қаласы аумағында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 600-ден астам өтініш тіркелген, оның 22-сінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған. Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері 855 қорғау нұсқамасын шығарды, ал қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін 92 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық жұмыс отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, құқықтық сана қалыптастыруға және отбасы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру