Экскаватор ұрланды
Қарағанды облысында шынжыр табанды экскаваторды ұрлап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 желтоқсанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне Алматы-Балқаш тас жолының бойында орналасқан ЖШС аумағынан белгісіз біреудің шынжыр табанды экскаваторды ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.
Келтірілген шығын мөлшері 15 миллион теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Нұр-Сұлтан қаласының 35 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.