Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азаматтармен кездесу өткізілді

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен өткізілген кездесуге Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Ж.Жәкеева, облыстық прокуратураның басқарма бастығы С.Ахметов, облыстық Еңбек басқармасының  бөлім басшысы Н.Жапаков және осы мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтар қатысты.

Кездесу барысында  судья  Ж.Жәкеева мекемеде жазасын өтеуші азаматтарға ҚР Қылмыстық кодексінің 72, 73-баптары бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге мекемеде жазасын өтеп жүрген 30–ға жуық  азамат қатысып, өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойды.

Азаматтардың тарапынан жиі қойылған сауалдар – мерзімінен бұрын босату тәртібі мен шарттары, жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру, жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен ауыстыру және еңбек демалысына шығу тәртібі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру