Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Экстремистік ұйымның мүшесі 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда Экстремистік ұйымның мүшесі 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Терроризмге қарсы күрес басқармасы хабарлағандай, өткен жылдың қазан айында ҚР ІІМ ЭҚКД және Алматы қаласы ҰҚКД көмегімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде М.есімді азамат ұсталды.

Жедел деректерге сәйкес, ол “Хизб-ут-Тахрир” экстремистік ұйымның белсенді қатысушысы, бұрын ҚР ҚК-нің төрт бабы бойынша сотталған.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында рұқсат етілген тінту кезінде әртүрлі діни әдебиеттер табылды және тәркіленді. Күні кеше Алмалы аудандық сотының үкімімен М.есімді азамат терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға шақырғаны үшін кінәлі деп танылып, 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру