Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады

Астанада полиция есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері есірткі сатуға қатысы бар ерлі-зайыптыларды анықтады. 31 жастағы ер адамды жеке тінту барысында күртешенің ішкі қалтасынан бір полиэтилен байламы табылып, тәркіленді. Оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар зат болған.

Одан әрі тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде олардан электрондық таразылар, ерекше иісі бар ұнтақ консистенциясы бар зат салынған пакет, сатуға дайын отыз бес оралған пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген “мефедрон” салмағы – 375,3 грамм.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру