Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде екі мың «армян» көлігі жүр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Ортақ жол» Ассоциациясының президенті Әрсен Шораев мәлімдеме жасады. Ол қазақстандықтарға негізсіз қоғамдық толқуға бой алдырмауға кеңес берді.

«Ішкі істер министрлігі Армения және Қырғыз республикаларынан әкелінген автокөліктерді тіркеуге дайын екенін мәлімдегеннен кейін қоғамда теріс пікір қалыптаса бастады. Мен кейбір қоғам белсенділерінің осы сәтті пайдаланып, азаматтарды алдап-арбау арқылы мәселені шешіп беремін дегендерін де байқадым. Олар xалықтан ақша жинап, тіркеуге қатысты туындаған сұрақтарды шешуге уәде беруде. Меніңше, бұның бәрі тұрғындарды алдау үшін жасалып отыр. Сондықтан қоғамнан бұндай іс-әрекетке ермеуді сұраймын. Заң мен талап бар. Одан бас тарту орынсыз», – деп мәлімдеді «Ортақ жол» Ассоциациясының президенті Әрсен Шораев.

Сонымен қатар Ә.Қуанышұлы Армениядан келетін көліктің басым бөлігі техникалық талапқа сай келмейтініне тоқталды.

«Мысалы,қазіргі таңда біздің нарықта 50 мың АҚШ доллары тұратын автокөлікті олар Армениядан 5 мың АҚШ долларына сатып алады. Осы ретте олардың қандай қағиданы ұстанатындары сұрақ туындатады. Себебі, бағасы он есе арзан көліктің техникалық талапқа сай екендігі күмән тудырады. Яғни, бұл көліктің ақауы барын немесе қолданысқа мүлдем жарамайтындығын білдіреді. Сол себепті, мұндай арзан тауар қоғамдық қолданыста болмау керек, бағаның арзан болуы осының айғағы деп есептеймін», – деді «Ортақ жол» Ассоциациясының президенті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру