Елорда полицейі шахматтан мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған жарысқа қатысты
Елорда полицейі шахматтан мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған жарыста үздік өнер көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД қызметкері Саидов Руслан мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға, ынтымақтастыққа, кооперация және мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
Қала көлемінде ұйымдастырылған жарыста 40-тан астам қызметшілер өз бағын сынады.
Жалпы, 9 турдан тұратын жарыста жүзден жүйрік шыққандар анықталып, Руслан үздіктердің қатарында болды. Полиция қызметкері Руслан Саидов 2009 жылдан бастап елордалық департаментте қызмет атқарады. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Астана қаласы ПД-да негізінен саптық бөліністерде қызмет атқарған.
– Шахматты оқушы кезімнен бері ойнаймын. Жалпы, спортты жаным сүйеді. Бос уақытымның барлығын спортқа арнаймын, – дейді Руслан.