Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыс жасауға ықпал ететін себептерді қалай жоюға болады

Қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында Павлодар облысының тергеу бөлімшелері үнемі тиісті ұйымдарға ұсыныстар жібереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тек осы жылдың өзінде 604 ұсыныс жіберілді, олар бойынша 22 кінәлі адам жазаланып, 3 адам жұмыстан босатылды.

– Павлодар ауданы Луганск ауылында жауапты тұлғаның бақылаусыз қалуына байланысты кооперативке тиесілі МТЗ-80 қызметтік трактор қазандықтың жанында қалдырылды. Трактордың есіктері құлыптың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты жабылмаған. Осының салдарынан оны басқа ауыл тұрғыны ұрлап кеткен. Тергеу барысында қазандық ғимаратының аумағын қарайтын сыртқы бейнебақылау камералары жоқ екендігі анықталды. Анықтаушы ұсынысты енгізіп, онда көрсетілген бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені шешу бойынша шаралар қабылдай отырып, ұсынысты ұжымдық түрде қарауды ұсынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

“Луганск” өндірістік кооперативінің жұмысшылары мен мамандарының қатысуымен жиналыс өткізіліп, онда полицияның ұсынысы қаралды.

– Ұсыныста баяндалған дәлелдер талқыланды. МТЗ-80 тракторында жұмыс істейтін кооператив қызметкеріне бақылаусыз және тракторды қараусыз қалдырғаны үшін сөгіс жарияланды. Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану кезінде сақтық шараларының қатаң сақталуы және  көлікте оған кіруді бұғаттайтын зауыттық құрылғы болмағаны бригадирге көрсетілген, – деп атап өтті полиция.

Тағы бір жағдайда, 2022 және 2023 жылдың көктемінде Көктерек орман шаруашылығының орман алқабында болған белгісіз адамдар құрғақ орманды заңсыз кесіп, ұрлаған. Нәтижесінде “Ертіс-Орманы” РММ Бесқарағай филиалына жалпы сомасы 500 және 700 мың теңгеден астам материалдық залал келтірілді.

Тергеу нәтижесі көрсеткендей, заң бұзушылық 2015, 2018 және 2022 жылдары жасалған, ал кесу орындары тек 2023 жылдың жазы мен күзінде ғана табылды. Бұл олардың функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағанын көрсетеді және орман шаруашылығы қызметкерлері тарапынан өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы себебінін туындады.

Тергеушінің ұсыныстарын РМУ филиалының басшылығы қарап, нәтижесінде филиал директоры, орман қорғау инженері, орман шебері және төрт мемлекеттік инспектор жазаланды.
Сондай-ақ орманды қорғау инженері және орманшы жұмыстан шығарылды.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 200-бабына (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну) сәйкес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды белгілей отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларда басқару функцияларын атқаратын адамдарға осы мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізуге құқылы екенін білу маңызды.

Ұсыныстар қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде міндетті түрде хабардар етіле отырып қарауға жатады. Егер көрсетілген мерзім ішінде ұсыным қаралмаса, онда құжатты қарап жатқан лауазымды тұлға жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру