Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері заңсыз айналымнан тыйым салынған заттарды тәркіледі

Елорда полицейлері заңсыз айналымнан тыйым салынған заттарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

Елорда аумағында 9 қарашадан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – көшелердегі және қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында елорданың ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сағат 19.22-де Жүргенов көшесіндегі үйдің жанынан 21 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде шалбарының астынан жабысқақ лентаға оралған 14 түйіншек тәркіленді. Ішінде жалпы салмағы 59,04 грамм болатын қара-жасыл түсті гашиш ұнтақты зат бар екендігі анықталды.

Сондай-ақ ҰҚҚКБ полицейлері Жанкент көшесінде 2016 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған 29 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тінту кезінде ер адамның күртешесінен маркасы белгісіз 16 калибрлі қару табылды.

Кейінірек қару тәркілеудің тағы бір фактісі орын алды. Бұл жолы Тәуелсіздік даңғылында Hyundai Accent автокөлігі тоқтатылды. Көлікті 32 жастағы жүргізуші басқарған. Тінту кезінде жеті оқпен жабдықталған оқжатары бар «Макаров» жауынгерлік тапаншасы тәркіленді. Күдікті ПД УҰИ-ға қамалды.

Барлық фактілер бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар айдың басынан бастап ҰҚҚКБ қызметкерлері заңсыз айналымнан атыс қаруының бір бірлігін (шолақ мылтық) және ОСА травматикалық тапаншаны тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру