Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында заңсыз айналымнан 330 келіге жуық есірткі алынды

Түркістан облысында “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 330 келіге жуық есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері 5 ай бойына жүргізілген “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылады. Нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаментінің құрылымдарымен барлығы 111 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде сегіз дерегі есірткіні сату болса, тағы сегіз дерегі аса ірі көлемде сақтау, 57-сі есірткі егу, 35-і – есірткі контрабандасы.

Заңсыз айналымнан 329,4 келі есірткі заттары алынды. Сондай-ақ 72 тоннадан асатын прекурсорлар (күкірт, тұз қышқылдары), 518 психотроптық дәрілер тәркіленді. Іс-шара кезінде жалпы 200 мыңнан астам есірткі түбі жойылды.

Одан басқаТүркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, ҰҰ жауынгерлерінің МИ-Е тікұшағымен облыс аумағындағы аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жеті есірткі егу алқабы анықталды, 6 күдікті ұсталды. “Қарасора-2022” іс-шрасы кезінде есірткімен байланысты деректер бойынша 202 тұлға ұсталды. Полицейлермен басқа да ведомство өкілдері бірлесіп, нашақорлыққа қарсы 94 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Оған 35 мыңнан астам оқушы мен студент жастар қатысты

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру