Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да рұқсатсыз жұмыс істеген 4 шетелдік жауапқа тартылды

ШҚО-да Өзбекстанның төрт азаматы рұқсатсыз жұмыс істегені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шетелдіктерге тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламалардың болуын тексеру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Катонқарағай және Тарғын ауылдарында тіркеудің кезекті мекенжайын тексеру кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері уақытша тұруға рұқсатсыз жеке үй салу бойынша еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының төрт азаматын анықтаған.

– Қабылдаушы тарап Қазақстанда болу құқығына құжаттарды ресімдеу бойынша шаралар қабылдамағаны, сондай – ақ шетелдіктердің еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін мемлекеттің кірісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, – деп атап өтті ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда, яғни шетелдік азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыру және елде рұқсатсыз тұру, сондай-ақ оларды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру