Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері бірқатар велосипед ұрлығын жасаған ер адамды ұстады

«Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнем кешкі уақытта Байсейітова көшесіндегі үйдің кіреберісінен құны 190 мың теңге тұратын велосипедті ұрлаған. Күдікті маңайында ешкім жоқ екенін пайдаланып, ұрлыққа қарсы велосипед құлыпын кесу арқылы ашық түрде екі дөңгелекті көлікті ұрлап, ізін суытқан.

Аталған ұрлық фактісі бойынша 29 жастағы ер адам ұсталды. Сонымен қатар полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады.

Күдікті Күмісбеков көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінен дәл жоғарыда аталған тәсілмен «Skillmax SK-220» маркалы велосипедін ұрлаған. Келтірілген шығын 70 мың теңге.

Ал үшінші жағдайда қаскүнем Қосшығұлұлы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінен бекітілмеген, қараусыз қалдырылған, құны шамамен 70 мың теңге тұратын велосипедті ашық түрде ұрлаған.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру