Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері екі кішкентай баласы бар әйелдің үйіне көмір жеткізіп берді

Елорда полицейлері екі кішкентай баласы бар әйелдің үйіне көмір жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда аумағында «Учаске» атты жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетілетін өздеріне бекітілген объектілердің криминогендік жағдайын бағалау үшін аулаларды және пәтерлерді аралау жұмыстарын жүзеге асырады және ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексеріп, олармен профилактикалық сипаттағы әңгімелесу жүргізеді. Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар тұрғындармен өрт қауіпсіздігіне қатысты талаптарды сақтау бойынша да түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Рейд жұмыстарын жүргізу барысында жас балалары бар отбасылар мен қарт адамдарға ерекше назар аударылуда.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары аралау барысында профилактикалық жадынамалар мен байланыс телефондарын тарата отырып, ұрлық пен алаяқтық жағдайларын болдырмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп, күн сайын халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың мәселелеріне дер кезінде жауап бере отырып, қызмет көрсетілетін аумақты үнемі аралап шығады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов.

Учаскелік инспекторлар өздерінің функционалдық міндеттерінен бөлек аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге және басқа да мұқтаж азаматтарға тұрақты негізде көмек көрсетеді.

Тексеру барысында «Есіл» ауданы ПБ ювеналды полиция қызметкері А.Құдайбергенова өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасын анықтады. Аязды күндері екі жас баласы бар әйел көмірсіз қалған. Оның үйді жылытуға ештеңесі болмаған. Полиция капитаны көмір сатып алуға көмек көрсету үшін қайырымдылық орталығына жүгінді. Уақытылы жасалған жұмыстардың арқасында отбасыға 2,5 тонна көмір жеткізілді.

Өз кезегінде қала тұрғыны тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, оларға қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру