Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны семейлік танысының 380 мың теңгесін жымқырып кеткен

Елорда тұрғыны семейлік танысының сөмкесінен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 55 жастағы әйел жүгінді. Хабарласқан азаматша өз танысының бөлмеде жатқан сөмкесінен 380 мың теңге көлеміндегі қаражатын ұрлағанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен  Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің  188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру