Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықтар көлікті қою ережелерін сақтамаған жүргізушілерге шағымдануда

Павлодар қаласында демалыс күндері полиция қызметкерлері көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзудың 13 фактісін анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көбінесе біз жүргізушілердің көліктерін белгіленбеген орындарда, жолдың жүріс бөлігінде, басқа көліктерге, тротуарлар мен ойын алаңдарына, кедергі келтіретін жерлерге қоятын жағдайларға тап боламыз.

Полиция қызметкерлері мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу керек екенін айтады, өйткені автокөлік иелері жол қозғалысының басқа қатысушыларына қолайсыздық туғызып қана қоймайды, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындатады.

Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шариповтің айтуынша, өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзудың 13 фактісін анықтаған.

Мысалы, 24 наурызда қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, Лермонтов көшесіндегі дүкендердің біріне тауарларды түсіру үшін келгенін, бірақ, тротуарға қойылған “Тойота Камри” маркалы автокөліктің қызметтік көліктердің қосалқы шығу есігіне жақындауына кедергі жасап қана қоймай, өтіп бара жатқан адамдардың жолын бөгеп тұрғанын хабарлады.

Дәл осындай жағдай сол күні Сәтпаев көшесінің жүріс бөлігінде де орын алды. “Hyundai Accent” көлігінің жүргізушісі көлікті тастап, дәмханадан түскі ас ішуге кеткен. Жолдың бір жолағына ығыстырылған көлік жүргізушілері полиция шақырған.

Тағы бір азамат өзінің “ВАЗ-2110” көлігін ойын алаңына қойған. Шуақты күні серуендеп жүрген балалардың ойнайтын орындары да қалмаған, ойын алаңдарына қойылған көлік оларға кедергі келтірді.

Айта кету керек, жоғарыда аталған барлық жағдайларда полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру