Елорда тұрғыны түрмеге есірткі өткізбек болған
Елорда тұрғыны түрмеге есірткі өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астананың 30 жастағы тұрғыны Пиала шай пакеттеріне жасырып “Смолы каннабиса” атты 7,66 грамды құрайтын есірткіні Астана қаласының ҚАЖ департаментінің №2 мекемесіне алып кірмек болған.
ҚАЖ департаменті мекемесінің қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша есірткі заттарын мекеме аумағына алып кіру әрекетінің алды алынды. Күдіктінің айтуынша, шай пакеттерінде тыйым салынған есірткінің барынан хабарсыз болған, аталған заттарды таныс емес азаматтың сұранысы бойынша мекемеге алып келген. Алайда бұл жағдай оны жауапкершіліктен босатпайды.
Аталған азаматқа қатысты қылмыстық теріс әрекеті үшін ҚР ҚК-нің 296-бабы 2 бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша жаза қолданылатын болды.
– Қандай да бір тұлғалар қылмыстық-аткару жүйесі мекемелерінің аумағына сауқаттарды апарып беруін өтінген жағдайда азаматтарға сақ болып, таныс емес тұлғаларға сенім артпау керектігін ескертеміз. Себебі әкелушінің берілген заттардың ішінде сотталғандармен қолдануға тыйым салынған құрал, бұйым, тағы басқа заттардың бар екенін білмегені қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, – деп атап өтті Астана каласы КАЖД бастығы Даулет Рақымбеков.