Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада дүкендердің бірінен смарт сағат ұрлаған жасөспірім қолға түсті

Елордада дүкендердің бірінен смарт сағат ұрлаған жасөспірім қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 18 жастағы азаматты анықтады.

Тергеу барысында жас жігіттің кешкі уақытта оң жақ жағалауда орналасқан гаджеттер сататын дүкенге келгені белгілі болды. Сатып алушы кейпінде тауарларды қарап жүріп, сатушының басқа клиентке қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланған қаскүнем гаджеттер тұрған сөреден құны 139 мың теңге тұратын Apple Watch SE смарт сағатын алып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жігіттің елорда аумағында жасалған тағы бір ұрлық фактісіне қатысы бары белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру