Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері студенттерге адам саудасынан қалай қорғану керектігі туралы айтты

Абай облысының полицейлері студенттерге адам саудасынан қалай қорғану керектігі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құлдық пен адам саудасы – қазіргі әлемнің жаһандық мәселелерінің біріне айналды. Қылмыскерлердің құрбаны болмау, еңбек және жыныстық қанаудан түсіп қалмау және басқа да мәселелер Абай облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және “Феникс” Ғылыми-өндірістік бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізетін профилактикалық жұмыстың негізі. Олар “Қайнар” колледжінің студенттеріне адамды заңсыз пайдаланудың түрлері мен алдап-арбау тәсілдері туралы айтып, “жақсы табыс” уәде етілген интернет-ресурстардан аулақ болу керектігін ескертті. Мұндай хабарландырулар еңбек және жыныстық қанауға тарту үшін алданған адамдарды жеткізетін арбаушылардың әрекетіндегі алғашқы қадамдардың бірі. Бейтаныс адамдармен сөөлескен кезде жеке басыңызға қатысты ақпаратты айтпаған жөн. Өйткені бұл ақпарат кейін қысым көрсету құралына айналуы мүмкін.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысқаны үшін заңда 7 жылға дейін, ауырлататын жағдайларда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін түсіндірді.

Абай облысы полиция департаменті осындай қылмыстармен байланысты болуы мүмкін кез келген фактілер туралы “102” арнаға немесе 11616 республикалық сенім телефондарына дереу хабарлау керектігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру