Елордада екі азамат жаңа таныстарын ұрып соққан
Елордада екі ер адам жаңа таныстарының ұрып соғып, олардың және мекеме әкімшісінің телефонын алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорданың екі тұрғыны Есіл ауданының полиция басқармасына хабарласып, жаңа танысқан достары оларға дене жарақатын келтіріп, содан кейін ұялы телефондарын тартып алғанын айтқан.
Есіл ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО тумаларын анықтады.
Белгілі болғандай, ер адамдар караоке-барда танысып, ішімдік ішкен. Оларға төлем шоты әкелінген кезде, олардың арасында ауызша жанжал туындаған. Күдіктілер телефондарын кепіл ретінде қалдырып, жәбірленушілерге қатысты күш қолданып, олардың IРhone 13 Pro Max және IРhone 14 Prо телефондарын алып, кетіп қалған. Күдіктілер кепіл ретінде қалдырылған ұялы телефонды есіне түсіріп, караоке-барға барған, бірақ ол жабық болған. Осыған қарамастан, олар жасырын түрде мекемеге кіріп, өздерінің кепіл ретінде қалдырған мүлкін алмақшы болған, алайда олар телефондарын таппай, оның орнына әкімшінің Iphone 11 телефонын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта олар Астана қаласы ПД УҰИ қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.