Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері донор болды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты № 57 мекеме қызметкерлері донор болып қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қан тапсырды – өмірді құтқарды” қайырымдылық акциясына Алматы облысы ҚАЖД қызметкерлері кезекті рет тағы қатысты.

Әлеуетті донорлардың жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін, Қонаев қалалық ауруханасы 10-ға жуық ҚАЖ қызметкеріне қан тапсыруға рұқсат берді.

Өз мысалымен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қан донорларының қатарына мүмкіндігінше көп азаматтарды тартқысы келеді.

– ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысы – өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мамандық, сондықтан погондағы адамдар, донорлықтың қажеттілігін жақсы түсінеді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру