Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада электр құралдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Алматы» АПБ криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында ер адамның күндізгі уақытта Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс нысанына заңсыз кіргені анықталды. Сонымен қатар қаскүнемнің бұрын аталған құрылыс нысанында жұмыс істегені белгілі болды. Ол маңайында бөтен ешкім жоқтығын пайдаланып, еркін қол жеткізу арқылы екі перфоратор, болгарка, кабель сымын және электр плитасын жасырын ұрлап, қашып кеткен. Жалпы материалдық шығын 347 000 теңгені құрады.

Аталған фактіге байланысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру