Елордада ер адам жалға алған пәтерден тұрмыстық техниканы ұрлап кеткен
Елордада ер адам жалға алған пәтерден тұрмыстық техниканы ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды анықтады. Тергеу барысында қаскүнемнің пәтерді ұзақ уақытқа жалға алғаны анықталды. Ол үй иесіне ақшаны бірнеше күнде төлейтінін айтып, содан кейін пәтерді ұзақ уақытқа жалдайтынын айтып сендірген. Бірақ пәтерде 5 күн тұрған соң ер адам Forensis теледидар мен Elenberg желдеткішті ұрлап, 200 мың теңгеден астам материалдық шығын келтіргені белгілі болған.
Тұрмыстық техниканың жетіспейтінін үй иесі уәде етілген ақшасын алуға келгенде білген. Содан әйел бірден полицияға хабарласқан.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның осыған ұқсас бұрын жасалған басқа да қылмысқа қатысы бары анықталды.