Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан екі рет ұрлық жасаған

Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан екі рет ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданының ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлықтың екі фактісіне қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында, ер адамның оң жақ жағалауда орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында бұрын жұмыс істегені белгілі болды. Ескі әріптесімен жолығуға келген күдікті ТҚС жұмысшыларының байқамай тұрған сәтін пайдаланып, үй-жайдан автокөліктің 4 дөңгелегін жасырын алып кеткен. Араға бірнеше күн салып, ер адам қылмыс жасаған орнына қайта келіп, бұл жолы құны 500 мың теңге тұратын HP ноутбугын ұрлап кеткен. Барлық ұрланған заттарды кездейсоқ адамдарға сатып жіберген.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – 682 мың теңге.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру