Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында төленбеген 4 млн теңге айыппұлы бар көлік иесі анықталды

Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында ірі көлемде төленбеген айыппұлы бар жеңіл көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізушінің 4 миллион теңгеден астам сомаға бұрын салынған әкімшілік айыппұлы бары анықталды.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдады. Сондай-ақ автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтаудың және жолда мұқият болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру