Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа орналасуда

Елордада есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа орналасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробациялық бақылау тағайындала отырып, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар сот үкімін орындау үшін пробация қызметіне есепке тұруға келген кезден бастап, пробация қызметінің инспекторы сотталғанның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделеуді жүргізеді.

Сондай сотталғандардың бірі – Д. есімді азамат. Сотталған Д. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне есепке тұрған сәттен бастап пробация инспекторы сотталғанның әлеуметтенуіне, әлеуметтік бейімделуіне және қайта қалпына келуіне бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін және де зерделеу барысында нақты жұмысы жоқ екенін анықтағандықтан, оған «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жолдама берді, сондай-ақ ол өзіне ынғайлы жұмыс орнын таңдап алды. Қазіргі таңда сотталған Д. пробация қызметінің бастамасымен жұмыс жасап жүр.

Жыл басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Алматы ауданы пробация қызметімен жұмысқа тұруға көмек көрсету үшін сегіз сотталғанға қатысты «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жолдама берілді.

Қазіргі таңда жолдама берілген сегіз азаматтың ішінен екі азамат «Batyrlan Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа тұрып, тұрақты түрде еңбек ақыларын алып жүр.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментінің Алматы ауданы бойынша пробация қызметінің бастығы Еркін Сүлейменовтің айтуынша, есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту – қайталанатын қылмыстың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру