Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада колония қызметкерлері сәлемдемеден насыбай мен SIM-карта тапты

Елордада колония қызметкерлері сәлемдемеден насыбай мен SIM-карта тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№2 мекеменің қызметкерлері сотталғандарға қолдануға тыйым салынған заттардың колонияға кіруінің алдын алды.

Сотталған Т-ға жолданған сәлемдемені тексеру барысында екі орам насыбай анықталды. Аршалы ауданы полиция бөлімінің тексеру-жедел тобы келіп жеткеннен соң, насыбай салынған пакеттердің ішінен SIM-карта табылды.

Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабымен процессуалды шешім қабылдау жөнінде материалдар дайындалды. Жеткізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе ескерту берілуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру