Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ЖҚЕ бұзудың 174 дерегі тіркелді

Қызылорда облысында  «Автобус» ЖПІШ барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 174 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың 174 дерегі анықталды.

Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған – 22, тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған – 1, заңсыз қайта жабдықтаған – 30, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген – 17, міндетті техникалық байқаудан өтпеген – 18, көлік басқару кезінде телефон пайдаланған 32 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Іс-шара барысында ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзу бойынша сегіз хаттама толтырылды. Облыс бойынша адамдарды тасымалдайтын 78 автобустың жылыту, электр жабдықтары және тағы басқа жағдайы тексерілді. Айып тұрағына үш автокөлік қойылып, бес көліктің мемлекеттік белгілері шешілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру