Елордада күдіктінің дәнекерлеу аппаратын ұрлау фактісі камераға түсіп қалған
Елордада күдіктінің дәнекерлеу аппаратын ұрлау фактісі камераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері 41 жастағы азаматты анықтады. Тергеп-тексеру барысында полицейлер ер адамның қасақана көліктердің есігін тартып көріп, оңай олжалы болғысы келгенін білген.
Түнгі уақытта ол тұрғын үйдің ауласында дабыл сигналы орнатылмаған Hyundai Starex автокөліктің тұрғанын көрген.
Ер адам көліктің атқы терезесін сындырып, еш қиындықсыз ішіне кіріп, жалпы құны миллион теңге тұратын дәнекерлеу аппаратын жымқырып кеткен.
Бұл туралы тәртіп сақшыларына көліктің иесі хабарлап, арызбен жүгінген. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер қала тұрғынының жеке басын анықтап, ұрланған зат тәркіленіп алынды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.