Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мас жүргізушілер ұсталды

Елордалық полицейлер мас жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мас жүргізуші – қылмыскер» жергілікті-рейдтік іс-шарасын өткізу барысында патрульдік полицейлер мас күйінде көлікті басқару, тыныштықты бұзу, агрессивті жүру, дрифтинг, жарыстар сынды ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтады. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезеңінде 5 жүргізуші ұсталып, медициналық куәландырудан өткізу үшін Астана қаласының НжПО-ға жеткізілді.

Сараптама нәтижелері бойынша үш жүргізушінің мас екені анықталды. Басқару құқығынан айырылып, мас күйінде көлікті басқарғаны үшін бір жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа бес автокөлік қойылды.

Полицейлер мас күйінде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды, 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды және 200 АЕК-ге дейінгі айыппұлды көздейтінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру