Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ойын клубынан өзгенің сөмкесін қолды қылған азамат ұсталды

Елордада ойын клубынан өзгенің сөмкесін қолды қылған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөтеннің сөмкесін ұрлады деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жігіттің оң жақ жағалауда орналасқан компьютерлік клубқа келгені белгілі болды.

Мекемеден кетер кезде ол киім ілгіште ілініп тұрған сөмкені байқайды. Күдікті әуелі өзінің әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғын тексеріп, содан кейін сымсыз құлаққап, смарт сағат және құжаттары салынған бөтеннің сөмкесін киімінің астына жасырып, клубтан алып кетеді. Келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрады.

Ұрланған заттарды кездейсоқ адамдарға сатып жіберген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру