Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ұрлықтың екі дерегіне қатысы бар шетел азаматы анықталды

Астанада ұрлықтың екі дерегіне қатысы бар шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері ұрлықтың екі фактісіне қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы Тәжікстан азаматын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның түскі уақытта Сейфуллин көшесіндегі базардың киім-кешек сататын бутиктерінің біріне келгені белгілі болды. Клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, күдікті сатушының байқамай тұрғанын пайдаланып, сөреде жатқан дүкен қызметшісінің IPhone XS телефоны мен сымсыз құлаққабын жасырын алып кеткен.

Араға бір-екі күн салып ер адам оң жақ жағалаудағы бизнес орталықтардың біріне келіп, асхана қызметшісінің сөмкесін ұрлап әкеткен. Белгілі болғандай, ұрланған сөмкенің ішінде қолма қол ақша, құжаттары болған. Келтірілген материалдық шығын 240 мың теңгеге бағалануда.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру