Елордада пәтерге ұрлыққа түскен Грузия азаматы анықталды
Елордада пәтерге ұрлыққа түскен Грузия азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат бірнеше пәтер ұрлығын жасады деп күдіктелуде. Тәртіп сақшылары 52 жастағы Грузия азаматын анықтады. Елорда тұрғынының үйін, үй иелері ұйықтап жатқан кезде ұрлыққа түскені анықталды. Жәбірленуші бөлменің дәлізінен белгісіз біреу ішінде ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын шамамен 50 мың теңгені құрады. Дәл осындай тәсілмен өзге пәтерден 30 мың теңге ақшасы бар әмиянды ұрлап кеткен.
Полиция оқиға орнынан куәгерлерден жауап алу барысында, жәбірленушілердің есігінің құлпы ашық қалғандығын анықтады. Ер адамның жеке белгілерін анықтап, полицейлер оның ізіне түсті.
Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.