Елордада полицейлер алаяқтық пен интернет-алаяқтықты тергеу сапасын талқылады
Елордада полицейлер алаяқтық пен интернет-алаяқтықты тергеу сапасын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы М. Ж. Қожаевтың төрағалығымен интернет-алаяқтықтарды ашу және оны тергеу сапасын жетілдіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Кеңеске Астана қаласы, Ұлытау, Ақмола және Қарағанды облысы, көліктегі ПД-ның интернеттегі алаяқтықты ашуға және тергеуге мамандандырылған тергеушілері мен жедел уәкілдері, сондай-ақ ІІМ тергеу және жедел-криминалистикалық департаменттерінің, криминалдық полиция департаментінің, ҚМА тергеу департаментінің басшылығы, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьялары, Астана қаласы прокуратурасы, кибер барлау киберқауіпсіздігі жөніндегі сарапшы, кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының сарапшысы, ҚР Ұлттық Банкінің өкілі және екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметтерінің өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес барысында интернет-алаяқтықтарды ашу мен тергеуге, мүдделі мемлекеттік және өзге де органдармен, екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимылға қатысты түйінді мәселелер талқыланды.