Елордада полицейлер тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылады
Елордада полицейлер шағын аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қалалық полиция департаментінде басшының орынбасары Ғұмар Шыныбековтың жетекшілігімен Агроқалашық ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
Бұл жиынға Сарыарқа аудандық полиция басқармасының басшылығы мен басқа да мүдделі қызметтер, жергілікті атқарушы органдар, сонымен қатар шағын аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында бастықтың орынбасары тұрғындардың толғандырған мәселелері бойынша: учаскелік инспекторлардың штатын көбейту, есірткі қылмысы, қоғамдық орында масаң күйде жүру, қоғамдық орындарды ластау және т.б. сауалдарын тыңдады.
Бүгінгі таңда Агроқалашық ықшам ауданының барлық жерлерін тексеру, көшелерді, аллеяларды және аулаларды аралау бойынша барлық қажетті шаралар тағайындалды. Сондай-ақ ПД басшысының орынбасары тұрғындарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін тығыз жұмыс істеуге шақырды. Жалпы, жиын нәтижелі өтті, мақсат-міндеттер, шешу жолдары айтылды.