Елордада пробация қызметкерін балағаттаған сотталған айыппұл арқалады
Елордада пробация қызметкерін балағаттаған сотталған айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Алматы ауданының пробация қызметі мен №2 ЖПБ қызметкерлері қоғамдық орында жанжал шығарып, пробация қызметкеріне балапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіртіп, қоғамдық тәртіптің тыныштығын бұзған Н. есімді сотталғанға қатысты істі сотқа жолдады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сотталған Н.-ге қатысты ҚР ӘқБК 667-бабының 1-тармағымен (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау туралы) қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп, 61 260 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданып, 434-бабының 1-тармағымен (Ұсақ бұзушылық) қаулысымен 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.