Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер велосипед ұрлығын “ізін суытпай” ашты

Қостанайлық полицейлер велосипед ұрлығын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Велосипедтің жоғалғаны жайлы полицияға Ұзынкөл ауданының жергілікті тұрғыны хабарлаған. Әйелдің айтуынша, ол велосипедті жұмыс істейтін дүкеннің жанында қалдырған. Ал жұмыс күні аяқталғаннан кейін оның қолды болғанын байқайды. Шығын 15 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері арызданушы жүгінген сәттен бастап бір сағат ішінде күдіктіні “ізін суытпай” ұстап, ұрланған мүлікті иесіне қайтарды.

– Күдікті бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды, ол аудан орталығының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188 бабаы 1-бөлігі (Ұрлық-бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Ұзынкөл ауданының ПБ бастығының орынбасары Саят Нұрғалимов.

Әйел полиция қызметкерлеріне ұрлықты ашудағы кәсібилігі мен жеделдігі үшін шынайы алғысын жеткізді. Жыл басынан бері Ұзынкөл ауданында велосипед ұрлаудың 2 фактісі тіркеліп, олардың барлығы ашылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру