Елордада ҚАЖ қызметкерлері арасында спартакиада өтті
Елордада ҚАЖ қызметкерлері арасында спартакиада өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусым Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің және оған ведомстволық бағынысты мекемелерінің жеке құрамы арасында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған спартакиада өтті. Аталған спартакиадада спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Дәлірек айтсақ, қол күрес, гір көтеру және кіші футбол ойыны өткізілді.
Спартакиаданың ашылу рәсімінде ЕЦ-166/1 мекемесінің бастығы А.Мухин жеке құрамға сәттілік тілеп, спорт сайыстарын бастауға рұқсат берді.
Спорт сайыстары үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезекте қатысушылар қол күрестен бақ сынасты. Аталған жарыста 1-ші орынға ЕЦ-166/1 мекемесінің қызметкері К.Зулхарнай ие болды, ал екінші кезеңде қатысушылар гір тасын көтеруден бақ сынасты, бұл жарыста 1-ші орынды ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкері И.Якубов иеленді.
Спартакиаданың соңғы бөлігінде мекемелер арасында кіші футбол ойынынан жарыс өткізілді. Ойын соңында ең көп ұпайға ие болған пробация қызметінен құрылған команда алға шығып, 1-ші орынға ие болды. Екінші орынды ЕЦ-166/5 мекемесі алса, үштікті ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлерінен құрылған команда түйіндеді.
Жарыс соңында жеңімпаздарға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Д. Рақымбековтың атынан алғыс хат беріліп, медальдар тағылды. Онымен қоса, кіші футбол ойынының жеңімпаздарына департамент бастығының кубогы табысталды.