Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында демалыс күндері мас күйде көлік жүргізгендер анықталды

Павлодар облысында демалыс күндері мас күйде көлік жүргізгендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусымда сағат 21.55-те Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері мас болған 37 жастағы ер адамның басқаруындағы Subaru Legacy автокөлігін ұстады. Медициналық куәландыру “жеңіл дәрежедегі” алкогольдік масаңдықты растады.

Сол күні кешке Екібастұзда Mercedes көлігін басқарған 24 жастағы жігіт те ұсталды. Ол мас күйде болды, бұндай жағдайын көңілді кештен оралуымен түсіндірді.

– Мас күйінде көлік жүргізгені үшін тәртіп бұзушылар екі факті бойынша жауапкершілікке тартылады, олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірақ мұндай сауатсыз әрекеттер тек қалалық жерлерде ғана жасалмайды. Кейбір ауыл тұрғындары да жол қауіпсіздігіне жауапсыз қарайды.

Сенбі күні түскі уақытта Павлодар облысы ауылдарының бірінің тұрғыны мас күйінде жолда келе жатты. Медициналық куаландыру “орта дәрежедегі” алкогольдік масаңдықты көрсетті, ер адам жауапқа тартылды. Оның көлігі де айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру