Елордада ҚАЖД-ға қарасты мекемелерді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі аралап шықты
Елордада ҚАЖД-ға қарасты мекемелерді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі аралап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар” туралы 2021 жылғы 19 шілдедегі №622 қаулысына сай денсаулық сақтау жүйесін бірте-бірте жітілдіру мақсатында 1 маусымнан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық-санитарлық қызмет бөлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігіне берілетін болады.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде 5 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бөлімшелеріне, тергеу изоляторы мен қоңыс колонясына денсаулық сақтау вице-министрінің басшылығымен жұмыс тобы келді.
Мекемені аралау барысында ведомствоаралық топқа мекеменің техникалық жабдықтары, медициналық бөлімнің тұрмыстық жағдайы, материалдық техникалық базасы көрсетілді. Аталған ведомствоаралық топтың мүшесіне түрмеде ұсталатындарға және жазасын өтеушілерге медициналық көмек көрсететін “Достық” жанұялық денсаулық сақтау орталығының директоры кірді. Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудің жаңа форматы жоспарланды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департамент бастығы Даулет Рақымбековтың айтуы бойынша, аталған реформа бірінші ретте мекемелерде жазасын өтеушілер мен тергеу қамағындағыларға медициналық көмек көрсету деңгейін көтеруіне өз үлесін қосады.