Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері концлагерьдің бұрынғы тұтқынын Жеңіс күнімен құттықтады

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері концлагерьдің бұрынғы тұтқынын Жеңіс күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда 9 мамыр қарсаңында ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері концлагерьдің бұрынғы тұтқыны Леонид Симаковты Жеңіс күнімен құттықтады.

Леонид Симаков жергілікті мұражайға келіп, жас қызметкерлерге оның Витебск облысында мұғалімнің отбасында дүниеге келгенін айтты. Сондай-ақ, соғыс басталған кезде ол небәрі төрт жаста болған. Үйдің үлкен балалары соғысқа кетіп, жұмыс істейтін екі ұл әскерге, ал әпкесі партизандарға кеткенін де айтты.

– Соғыс кезінде мені анам, әпкем және екі ағаммен бірге Германияға апарып, тұтқындарға арналған еңбек лагеріне орналастырды. Мен ол жерде екі жыл тұрдым. 1945 жылдың сәуірінде ғана босатылдым. 1941 жылы тамызда фашистер менің әкемді атып өлтірді. Анам төрт жастағы баламен қалды. Содан кездейсоқ фашистер менің әпкем Марияның партизан отрядында екенін біліп қалды. Бұл үшін фашистер менің анамды аяусыз ұрып-соғып, азаптаған. Ол әрең тірі қалды. Тұтқыннан босатылғаннан кейін ауруханаға түсті, бірақ осы азаптың салдарынан денсаулығы қалпына келмей, 1946 жылы қайтыс болды, – деп еске алды қария.

Леонид Симаков оқуды бітіргеннен кейін білім алғанын және 1955 жылы Қазақстанға тың игеру үшін келгенін айтты.

Сондай-ақ, 1972 жылы Шығыс Қазақстанға қоныс аударғанын айта кетті. Шемонаиха қаласында ОВ 156/6 мекемесіне орналасып, онда цех технологы, содан кейін АИО бастығы, ОТиЗ нормалаушысы болып жұмыс істеді. Содан соң 1993 жылы зейнеткерлікке шыққан.

– Осындай тақырыптық бейнекөрменің және кездесулердің мақсаты – қызметкерлерге жеңістің қандай жолмен келгенін, оның қандай бағалы екенін түсіндіру. Біз өлкеміздің жас қызметкерлері мен жерлестерінің жүректеріне эмоционалды үн қосу үшін ерекше бір әсер қалдыруға тырыстық, – деп мәлімдеді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6  мекемесінің кадр саясаты бөлімінің бастығы Индира Ишимбаева.

Мұражайдағы экскурсияны экскурсия жетекшісі Наталья Рудакова жүргізді. Ол барлық қатысушыларға көңіл бөлгендері үшін шын жүректен алғыс айтып, барлығын келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру