Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар арасында Конституция күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

ШҚО-да сотталғандар арасында Конституция күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №24 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жүрген азаматтар да назардан тыс қалмады.

Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеп жатқан тұлғаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Сотталған азаматтар мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, мерекелік мәдени шараларға белсене қатысады. Жаза басып жаңылған азаматтарды қайта қоғамға бейімдеуге тәрбиелік жұмыстарды үздіксіз жүргізіледі.

– Әр мереке сайын мерекелік іс-шаралар, спорттық шаралар, викторина тәрізді мәдени шараларды өткіземіз. Ал бүгінгі іс-шараға Өскемен қаласының әртістерін шақырып, сотталғандарға мерекелік кеш ұйымдастырдық. Жазасын өтеп жатқан азаматтар да іс-шараға ат салысып, ән шырқады. Біздің басты мақсатымыз – сотталғандарды қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, қоғамда өз бетінше өмір сүруіне көмектесу, – деді тәрбие бөлімінің бастығы Рустам Сейтказинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру