Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отан қорғаушылар күніне орай елордалық полицейлер марапатталды

Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ішкі істер органдары ардагерлері мен мінсіз қызметімен көзге түскен полиция қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Отан қорғаушылар күні – бұл мемлекет мүддесін, халықтың тыныштығы мен әл-ауқатын қорғауда тұрғандардың бәріне деген құрметтің белгісі. Құқықтық тәртіпті қорғаушылар әрдайым еліміздің игілігі үшін қызмет етеді”, – деді Марат Төлебаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында жаңа Қазақстанды құруға шақырды. Президент елді дамудың жаңа кезеңіне шығаруға қабілетті прогрессивті реформаларды қарқынды жүргізуде.

Бүгінгі күні ҚР Ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында полиция қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Полицияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарды.

Мерекеге орай ішкі істер органдары ардагерлері мен мінсіз қызметімен көзге түскен қызметкерлер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Айдауылдау қызметі взводының полицейі аға сержант Қуанышбек Серікбаев, “Сарыарқа” ауданы ПБ Тылдық қамтамасыз ету басқармасының полиция старшинасы Болат Жақұдин бағалы сыйлық қол сағатпен, Арнайы қабылдау орнының полиция аға сержанты Ербол Өтешов грамотамен, Патрульдік полиция полкінің аға лейтенанты Төлеген Махмут алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ҚР Ұлттық Ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері марапатқа ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру